• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Мамыр, 2017

Съезд Хатшылығының VI отырысы өтеді

260 рет
көрсетілді

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XVI отырысы өтеді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Отырысқа қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VІ съезінің өткізілетін күнін белгілейді, сондай-ақ, осы форумға дайындық барысы туралы мәселелерді қарайтын болады. Шараның күн тәртібіне Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтарының тұсаукесері де енгізілді. Мәдени бағдарлама шеңберінде әлемдік ірі дін конфессияларының өкілдері ЭКСПО-2017 халықаралық көрме павильондарын аралайды және Ұлттық мұражайға экскурсия жасайтын болады. Бұл шараға ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм, индуизм, сондай-ақ, бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары, оның ішінде, БҰҰ Өркениеттер альянсының директоры Метью Ходс, Дүниежүзілік бейбітшілік хабаршысы кеңесінің бас хатшысы Пичаи Товивич, Біріккен Араб Әмірліктері толеранттылық мәселелері жөніндегі министрінің кеңесшісі Рашид әл-Тунайджи және басқалар қатысатын болады.